Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров “Орталық Азия – Қытай” саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.
Президент Садыр Жапаровты ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
“Орталық Азия-Қытай” екінші саммитіне Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатысады.
Саммитте бірқатар мәселелер талқыланып, Астана декларациясына қол қою жоспарланып отыр.












