Қытай Американың санкцияларына қарымта жауап қайтарды.
Еуразия Тудейдің ISNA ақпарат агенттігіне хабарлауы бойынша, Қытай Сыртқы істер министрлігі бүгін, сәуірдің 22, дүйсенбі күні Бейжің Вашингтонның санкцияларына жауап ретінде Конгресстің бірнеше мүшесі мен жауапты тұлғаларына және америкалық үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына қарсы санкция салғанын хабарлады.
Қытай Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап: «Бұл әрекет АҚШ-тың Гонконгпен байланысы бар Қытайдың алты азаматына қарсы санкцияларына жауап болып табылады»,- деп мәлімдеді.
China Morning Post газетінің хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Гао Цзякан да: «АҚШ санкциялары халықаралық құқық принциптері мен халықаралық қатынастың негізгі нормаларын шынайы түрде бұзу болып табылады.
Пекин АҚШ-тың әрекетін қатаң айыптап, Гонконгпен байланысты істер мен мәселелерге араласқан Конгресс мүшелеріне, жауапты тұлғалар және үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына қарсы санкциялар салды» деді.
Еске салайық, АҚШ 31 наурызда Гонконгтың алты қайраткеріне аймақтың автономиясына нұқсан келтірді деген күдікпен санкция салды.
АҚШ-тың уәжіне сәйкес, санкция салынған бұл адамдар Гонконгтағы демократияшыл 19 белсендіні қудалаумен айыпталып, олардың қашып кетуіне себеп болды.












