Қытай Брюссельдің медициналық құрылғылар компанияларына қойған шектеулеріне Еуропалық Одақтың медициналық құрал-жабдықтарына қарсы шара қолдану арқылы қарымта қайтарды.
Еуразия Тудейдің хабарлауч бойынша Қытай өткен айда Брюссель енгізген шектеулер үшін қарымта әрекетте Еуропалық Одаққа медициналық құрылғылардың ірі саудасына қарсы шара қолдану арқылы жауап қайтаратынын мәлімдеді.
France 24 арнасының мәліметі бойынша тыйым жасанды аяқ-қолдардан бастап медициналық техниканың бөлшектері мен хирургиялық құралдарға дейінгі өнімдердің кең ауқымын қамтиды.
Алайда Қытайдың Қаржы министрлігі мәлімдемеде еуропалық компаниялардың медициналық жабдықтарға өтінімдері 6,28 миллион доллардан асатын болса, олар есепке алынбайды деп мәлімдеді.
Қытай Қаржы министрлігінің шешімі Қытайға инвестиция салып, сол жерде өз тауарларын өндіріп жатқан еуропалық компанияларды қамтымайды.
Еуропа Одағы маусым айында қытайлық компанияларды құны 5,89 миллион доллардан асатын кез келген мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарынан алып тастай отырып, осындай шектеулерді жариялады.
ЕО Қытайды ЕО компаниялары үшін елеулі және қайталанатын әкімшілік және құқықтық кедергілер туғызды деп айыптап, шектеулер Қытайды ЕО компанияларын кемсітуді тоқтатуға мәжбүрлеуге бағытталған деп мәлімдеді.












