Қытай компаниялары Қарақалпақстанда жел электр станциясын, Джизах облысында күн электр станциясын салады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі Бірінші Самарқанд халықаралық климаттық форумы аясында осы елде «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.
Осы мәлімет бойынша Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі SANY Renewables International Investment Co., Ltd. компаниясымен Қарақалпақстан Республикасында қуаттылығы 1000 МВт жел электр станциясын салу бойынша, сондай-ақ Джизах облысының Фариш ауданында қуаттылығы 500 МВт күн электр станциясын салу жөнінде Қытайдың Electrical Equipment International Company Limited Liquip International компаниясымен инвестициялық келісімдерге қол қойды.












