Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Түрікменстанның Түркіменбашы қаласына келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бүгін 4 тамызда Түркіменбашы халықаралық әуежайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Түрікменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне әуежай алаңы мемлекеттік тулармен безендіріліп, құрметті қарауыл сап түзеп тұрды.
Осы сапар барысында Эмомали Рахмон БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясына қатысады.
Эмомали Рахмон сонымен қатар Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөз өткізеді. Сондай-ақ тараптар логистика мен өзара жеткізуге қатысты бірқатар бірлескен құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр.












