Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты өкілі Василий Небензя АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылына реакциясында оны арқаға қадалған қанжар деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Василий Небензя Ирандағы қыздар оқитын мектепке жасалған шабуылды айыптап, бұл оқиғаны АҚШ пен Израильдің БҰҰ-на мүше мемлекетке қарсы жасаған негізсіз агрессиясының белгісі деп атады.
Василий Небензя Мәскеудің Ирандағы мектепті нысанаға алған шабуылға өкініш білдіретінін және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтатынын мәлімдеді. Ол Вашингтон мен Тель-Авивті қатаң сынға алып: «АҚШ пен Израиль БҰҰ-на мүше мемлекетке қарсы негізсіз әскери агрессияға барды», — деп баса айтты. Сонымен қатар, Небензя бұл әрекетті «дипломатияға жасалған қиянат» деп сипаттады.
Ресей өкілі кейбір Батыс елдерінің бұл шабуылды ақтауға тырысуы «негізсіз уәж» екенін және бұл әрекетке ешқандай заңдылық бермейтінін баса айтты. Ол: «Иранның арқасына тағы қанжар салынды», — деп мәлімдеді.
АҚШ пен Израильдің кеше, сенбі, ақпанның 28 күнгі Иранға шабуылында Һормозган останындағы Минабтағы қыздар оқитын бастауыш мектепте кем дегенде 150 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды.













