Сионистік режимнің ақпарат құралдары Ресейдің Тель-Авивке Бушер атом электр станциясына жасалған шабуылдарға байланысты қатаң ескерту жасағанын хабарлады.
Израильдің 12-арнасының мәліметінше: «Израиль Ирандағы Бушер атом электр станциясына шабуыл жасағаннан кейін Ресей Израильге қатаң жолдау жіберді».
Ақпарат көздерінің айтуынша, Мәскеу Иранның ядролық нысандары төңірегіндегі шиеленіс өршіп тұрған тұста: «Шабуылдар аталған станцияда жұмыс істейтін ресейлік мамандардың өміріне қауіп төндіреді», — деп ескерткен.
4 сәуірде Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымы «Бушер» АЭС аумағының АҚШ пен Израиль тарапынан атқылауға ұшырағанын, соның салдарынан қызметкерлердің бірі қаза тапқанын хабарлады. Ресей СІМ АЭС-ке жасалған шабуылдарды айыптады.












