Бүгін, 16 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Қытайға екі күндік ресми сапармен барды.
Владимир Путиннің бұл бесінші президенттік мерзімі басталғалы шетелге жасаған алғашқы сапары.
Сапар барысында Владимир Путин мен Си Цзиньпин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 75 жыл толуы аясында екіжақты қарым-қатынас мәселелері, түрлі салалардағы ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық мәселелер төңірегінде пікір алмасады.
16 мамыр күні Владимир Путин Бейжіңде болса, 17 мамыр күні Ресей президенті Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласына барады.














