Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрі Завки Завкизода мен ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы өзара тауар айналымын арттыру жолдарын талқылады.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Завки Завкизода және ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 15 мамырда Душанбеде өткен кездесу барысында тауар айналымын, әсіресе жеміс-көкөніс өнімдерінің экспортын ұлғайту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі қадамдар қабылданатынын атап өтті.
Завки Завкизода мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып, өзара қарым-қатынастар стратегиялық әріптестік деңгейіне шыққанын атап өтті. Министрдің айтуы бойынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасымен сыртқы сауда айналымының көлемі 328 миллион долларды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 миллион долларға, яғни 6 пайызға өскен.
Кездесуде тараптар Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын, әсіресе жеміс-көкөніс өнімдерінің экспортын ұлғайту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға уағдаласты.
Сондай-ақ, кездесуде көтерме-тарату орталықтарын құруға және энергетика және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.


















