ТҮРКСОЙ ұйымына төрағалық Әзірбайжаннан Түркіменстанға ресми түрде берілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ТҮРКСОЙ мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 10-шы отырысында ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев төрағалық ету белгісін Түркіменстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының жауапты хатшысы Чинар Рустемоваға табыстады.
Осылайша ТҮРКСОЙ ұйымына төрағалық тізгіні Түркіменстан еліне берілді.
Чинар Рустемова Түркіменстан атынан ұйымға төрағалық етеді. Рустемованың дипломатиялық тәжірибесі мол. Ол ұзақ уақыт Түркіменстанның Үндістан мен Қытайдағы елшісі болып жұмыс істеген. Оның мансабының алғашқы кезеңі мәдени саламен байланысты.
ТҮРКСОЙ-ға төрағалық тізгінінің Түркіменстанға берілуі оның түркі мәдениетін халықаралық деңгейде сақтауға және дамытуға бейілділігін көрсетеді.












