Ресей Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадты отбасымен паналатты.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Кремльдегі дереккөзі Башар Асадтың отбасымен Мәскеуде екенін және Ресей оларды паналатқанын мәлімдеген.
Кремльдегі дереккөзі: «Асад пен оның отбасы мүшелері Мәскеуге келіп, Ресей гуманитарлық тұрғыдан оларды паналатты», — деген.
Айта кетейік, мұның алдында Ресей СІМ Телеграмдағы арнасында мәлімдеме жариялап: «Біз Сириядағы драмалық оқиғаларды асқан алаңдаушылықпен бақылап отырмыз.
Башар Асад Сирия Араб Республикасының аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысушылардың бірқатарымен келіссөздер нәтижесінде президенттік қызметтен кету туралы шешім қабылдап, билікті бейбіт жолмен өткізу туралы тапсырма беріп, елден кетіп қалды. Ресей бұл келіссөздерге қатысқан жоқ», — деді.
Кееше, желтоқсанның сегізі күні халықаралық ақпарат агенттіктері Башар Асад мінген ұшақ белгізсіз бағытқа бет алып, радардың бақылауынан шыққанын, сондықтан Асадтың әуе апатында қаза табу ықтималдығы жоғары екенін жарыса жазды.
Оның алдында, желтоқсанның жетісі күні де «Башар Асад елден кетіп қалды» деген қауесет тарағанда, Сирия Президентінің әкімшілігі шетелдік ақпарат құралдарының Башар Асадтың елден кеткені туралы қауесеттерін теріске шығарып, оның Дамаскте екенін қуаттады.














