ЕАЭО мен Иран арасындағы тауар айналымы 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранға тауар экспорты 13 пайызға, ал импорт 9 пайызға өсті.
Иранға жалпы экспорттағы ең үлкен үлес салмағын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық жеткізілімдері 10 пайыздан асты.
Ираннан импортталатын өнімдерде көкөністер, жемістер мен жаңғақтар ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айында өткен жылдың сәйкес қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда басым болды.
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ираннан ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алу туралы нота алғанын хабарлады.
30 қарашада РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач Иранға ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін беру 2024 жылдың желтоқсан айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте талқыланатынын айтып: “Оны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары бекітуі керек”, — деді.
ЕАЭО – халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Оған Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан елдері мүше болып табылады. Молдова, Куба және Өзбекстанға ЕАЭО-ға бақылаушы мәртебесі берілді.












