Трамп Иранға қарсы шабуыл жасау ықтималы туралы ескерткенде Ресей тараптарды ұстамдылыққа шақырды.
Америка Президенті Дональд Трамп Вашингтон кеше Иранға келесі соғыс ашуды қолдайтынын мәлімдеген соң Кремль бүгін сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Иранмен диалог қалыптастыруды қажеттілік деп атап, барлық тарапты шиеленісті күшейтуден бойтартуға шақырды.
Трамп кеше дүйсенбі күні Израиль Премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың қасында Тегеран Американың маусым айындағы шабуылынан кейін өзінің қару-жарақ бағдарламаларын жандандыруға талпыныс жасауы мүмкін деген уәж айтты.
Еске салайық, Иран өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт сипатқа ие екенін сан рет қуаттады. Соған қарамастан Трамп үстіміздегі жылдың маусым айында B-2 бомбалаушы ұшақтарымен Иран аумағының қауіпсіздігін бұзып, осы елдің ядролық нысандарын бомбалады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Мәскеу Тегеранмен жақсы және сындарлы қарым-қатынасты дамытуды жалғастырып, Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтуға көмектеседі.
Мәскеу Украинадағы соғыс басталғаннан бері Тегеранмен тығыз байланыс орнатты. Биыл Ислам Республикасымен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.














