Ресейлік автокөлік нарығында жаңа маркалары шетел көліктері пайда болуы мүмкін.
«Известия» басылымының Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей автокөлік нарығына Уганда, Үндістан және Ираннан көліктер жеткізу жоспарланып отыр.
Ресей Федерациясы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катыринның айтуынша, Ресей нарығында жаңа көлік брендтері сатылымға шығуы ықтимал.
Тақырыпқа орай:
Сергей Катырин бюджеттік сегментте Үндістанның Tata Motors автомобиль компаниясы шығарған көліктер мен Иранның Iran Khodro, Saipa көліктері сұранысқа ие болуы мүмкін деген пікірде.
Уганда да ресейлік автокөлік нарығына шығуға мүдделі. Бұл елдің Ресейдегі Елшісі Мозес Кизигенің айтуы бойынша, Уганда электр көліктерін өндіруде Африкада көшбасшы ел саналады. Уганда Ресей нарығына Kiira Motors электр көліктерін жеткізуге дайын.
Азия мен Африка елдерінің көліктері Ресей нарығында әлемді өзінің автоөнеркәсібімен жаулап алған Қытаймен бәсекеге түсуі мүмкін. Қытай — әзірше Ресей автокөлік нарығында басты ойыншы.










