Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркіменстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовты қабылдады.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша кездесу Анкарадағы Чанкая резиденциясында өтті. Кездесу жабық есік түрінде өтті. Қабылдауға Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да қатысты.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркияға сапармен келген Мередов 13-14 тамыз күндері Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесу өткізеді.
Түркия мен Түркіменстан Сыртқы істер министрлерінің келіссөздерінде екіжақты қарым-қатынас, энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастық, ағымдағы халықаралық және аймақтық оқиғалар, сондай-ақ, көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатыны жоспарланған.















