Палестинаның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Рияд Мансур елінің ешқашан жойылып кетпейтінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Рияд Мансур Израильдің этникалық тазарту мақсаттарына жету және отаршылдық ниеттерін одан әрі жалғастыру үшін ашаршылықты әскери стратегия ретінде пайдаланып жатқанын айтып Қауіпсіздік Кеңесін Газа секторындағы азық-түлік дағдарысына байланысты әрекет етуге шақырды.
Палестинаның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі: «Біз ешқашан жойылып кетпейміз. Біз ескерткен және Израиль жоққа шығарғанның бәрі біздің көз алдымызда болып жатыр.
Біз Палестина халқын Газа секторының кең аумақтарынан эвакуациялау бойынша келісілген жоспардың соңғы сатысындамыз», — деді.Сонымен қатар Рияд Мансур Израильдің Батыс жағалаудың кейбір бөліктерін аннексиялау жоспарын айыптап: «Палестина халқы өліммен, дүние-мүлкінен айырылу және қоныс аударумен тағы да бетпе-бет келді. Бірақ біз жойылып кетпейтінімізді баса айтамыз»,- деді.



















