«Росатом» басшысы Алексей Лихачев Ирандағы атом электр станцияларының құрылысы жалғасатынын және Бушер АЭС-індегі ресейлік қызметкерлер санының артатынын хабарлады.
«Росатом» басшысы Алексей Лихачев Иран мен Ресейдің жаңа атом электр станцияларын салу бойынша келісімге келгенін мәлімдеді.
Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Росатом» басшысы бұл туралы: «Бұдан бөлек 8 блог салу бойынша келісімдерге қол қойдық, сондай-ақ күзде Иранда шағын қуатты электр станциясы блоктарын салу туралы келісім жасалды», — деді. «Росатом» басшысы Бушер атом электр станциясының №2 және №3 блоктарының құрылысы әлі де жалғасып жатқанын айтты.
Бушер АЭС-індегі қызметкерлер санының артқанына тоқталған ол: «Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 142 адамымыз және қызмет көрсету бөлімінде 50 адамымыз бар. Бұл көрсеткішті жоспарланған 700 адам деңгейіне дейін арттырамыз», — деді.
Лихачев “Бушер АЭС-інен ресейлік қызметкерлер эвакуацияланып жатыр” деген қауесеттерді теріске шығарып: «Қызметкерлер санын көбейтіп жатқанда, не үшін эвакуациялауымыз керек? Әрине, бәрі әскери жағдаймен тығыз байланысты. Егер жағдай ушығып кетсе, ең болмағанда мамандарды көбейту қарқынын бәсеңдетеміз. Бірақ қазіргі уақытта қызметкерлер санын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз».
Тегеран мен Мәскеу арасындағы ядролық ынтымақтастық жаңа электр станциясы блоктарын салу арқылы жаңа кезеңге өтті. Иран мен Ресей бірлесіп салған Бушер атом электр станциясы Иран үшін 1024 мегаватт атом электр энергиясын өндіреді.












