«Шекарасыз репортерлар» ұйымы RSF-тың есебіне сәйкес, 2023 жылдың басынан 1 желтоқсандағы жағдай бойынша дүние жүзінде 45 журналист қаза тапты.
Газада Израиль мен Хамас арасындағы соғыс басталғаннан бері жұмыс барысында кем дегенде 13 журналиста қайтыс болды.
Бұл Таяу Шығыстағы соғысқа қарамастан 2002 жылдан бері тіркелген ең төменгі көрсеткіш әрі 2022 жылмен салыстырғанда 16 пайызға аз.
2012 және 2013 жылдары негізінен Сирия мен Ирактағы соғыс салдарынан 140-тан астам журналист көз жұмды.
Қазіргі уақытта әлемде 521 журналист өз кәсібіне байланысты негізсіз ұсталған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға төмен.














