Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров елінің АҚШ-пен ұзақ мерзімді перспективада екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айтты.
КР Министрлер кабинетінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Жапаров бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лесли Вигериді қабылдауында мәлімдеді.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша қырғыз-американ ынтымақтастығының жанданғанына ризащылық білдірді.
Тараптар алдағы жылы экономикалық, мәдени және білім беру салаларындағы бірқатар салада ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Өз кезегінде Төтенше және Өкілетті Елші өзара мүдделі мәселелер бойынша Қырғыз Республикасына қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Тараптар сондай-ақ жасыл энергетика және климаттық күн тәртібі саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.



















