АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Вашингтон Қытайдың Иранға қысым көрсетуін күтетінін мәлімдеді.
Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында: «Біз Қытайды Ормұз бұғазын бұғаттаудан босату мақсатында Иранға қысым жасауға көндіреміз деп үміттенеміз», — деді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы: «Мұны шешу олардың мүддесіне сай келеді. Біз оларды (Қытайды) Иранды қазір Парсы шығанағында істеп жатқан және жасауға тырысып жатқан істерінен бас тартуға мәжбүрлеуде белсендірек рөл атқаруға көндіруге үміттенеміз», — деді.
Рубионың мәлімдеуінше, қытайлық кемелер «Парсы шығанағында тұрып қалған».
АҚШ мемлекеттік хатшысы: «Таяу Шығыстан келетін энергия ресурстарының жеткізіліміне тәуелді Азия үшін бұл аймақтағы қақтығыс тұрақсыздық қаупін төндіреді», — деп мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Тегеранға қарсы күш қолдану әрекеттері сәтсіздікке ұшыраған тұста жасалды.
Айта кетерлігі, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу үшін Қытайға жасаған сапарының алдында Иран мәселесінде Бейжіңнің көмегіне мұқтаж емес екенін мәлімдеген болатын.
14-15 мамырда Қытайда сапарммен жүрген шеккен америкалық делегация Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен Иранға қатысты мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.












