Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 27 қарашада Қазақстан Республикасының бас қаласы Астанаға жұмыс сапарымен келді.
Еуразия Тудейдің Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Президент Садыр Жапаровты Астана халықаралық әуежайында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов және осы елдің басқа да ресми тұлғалары қарсы алды.
Әуежайдың флагштоктарына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары ілініп, кілем төселіп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Садыр Жапаров Астанаға жұмыс сапары аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысады.












