Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 9 қарашада Франция Республикасының астанасы Парижге келді.
Қырғызстанның Мемлекет басшысы Париж бейбітшілік форумы аясындағы «Бір планета саммитіне», сондай-ақ ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясына қатысады.
Сонымен қатар, сапар барысында Садыр Жапаров бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.












