Сауд Арабиясы елде тағы да әлем назарын өзіне аударатын ауқымды бірнеше жобаны жүзеге асыра бастады.
Kz.eurasiatoday.ru агенттігінің Al Arabiya сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Сауд Арабиясы елде жүзеге асырыла бастаған бірнеше ірі жоба ұсынды.
Әрбір жобаның нақты құны белгісіз болғанына қарамастан, жобаларға Сауд Арабиясы жыл сайын 175 миллиард доллардан астам қаражат жұмсауды көздеп отыр. Сауд Арабиясы Корольдігінің ірі жобалардың бірі ретінде қолға алынған Неом қаласына қатысты жобасы ел экономикасына серпін беру және мұнайға тәуелділігін азайту үшін жүзеге асырылатын батыл бастама болып табылады.
Бұл туризм, технология, энергетика және ойын-сауық сынды бірқатар сала үшін өркендеп келе жатқан хаб құруға негізделген жоба.
Бұрын-соңды адам аяғы баспаған аралдан футуристік ойын-сауық қаласын тұрғызу үшін Иордания мен Мысыр шекара маңы таңдалған.
Болашақ қала 2025 жылға қарай тұрғындарды қабылдап, қалада бизнесті дамыту жолға қойылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы бір көргеннен есте қалатындай сәулет жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр.
Сауд Арабиясы Корольдігі ғимараттың құрылысына шамамен триллион доллар жұмсалуы мүмкін және бұл дүниежүзіндегі ең үлкен ғимарат болады деп болжауда.
Сауд Арабиясының тағы бір ірі жобасы — Троена курорты.
Троена 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізеді.
Шөлді аймақта шаңғы тебу ақылға қонымсыз болып көрінгенімен, қазіргі таңда бұл жерді футуристік курортқа айналдыру жұмыстары жүргізілуде. Табыс көзін мұнай арқылы тауып отырған Сауд Арабиясы соңғы уақытта туристік саланы дамытуға айтарлықтай көңіл бөліп отыр.












