Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания бірлескен мәлімдеме жариялап, Газада атысты дереу тоқтатып, осы секторда қақтығысты доғаруға шақырды.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Эр-Риядқа сапарында Сауд Арабиясының жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, әртүрлі мәселелер, соның ішінде Газадағы соғыс туралы кеңесті.
Тараптар сонымен қатар ХАМАС пен сионистік режим арасында тұтқындармен алмасу Лондон мен Эр-Риядтың келесі талабы болды.
Бірлескен мәлімдемеде: «Біз Израильден халықаралық гуманитарлық заңдарға табандылық танытып, палестиналық бейбіт тұрғындардың жандарын қорғап, палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі жасамауды сұраймыз», — деп жазылған.
Тараптар Сирия соғысы туралы да: «Біз Сирияда қауіпсіздік пен сириялық бейбіт азаматтарды қорғау, осы елде қақтығыстар мен қантөгістің алдын алу бағытындағы барлық әрекетті қолдаймыз», — деп баса айтты.
Арабстан мен Ұлыбритания сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ливанда 1701 қарарын жүзеге асыру және осы елде атысты тоқтату бітімін сақтау қажеттілігін қуаттады.















