Әбілқасым Фирдаусидің «Шаһнама» туындысы Иранның мәдени мұрасы мен болмысының ұлы байлығы болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран күнтізбесі бойынша 25 ордибехешт (14 мамыр) «Шаһнама» туындысының авторы құрметіне және оның парсы әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегіне орай «Фирдаусиді еске алу және парсы тілін құрметтеу күні» деп аталады.
Жыл сайын осы күні Фирдаусиді еске алу үшін арнайы шаралар өткізіледі.
Шаһнамада aдaмның пaйдa болyынaн бacтaлып, Киани әулеті мен сасанилер кезеңіндегі aңыздық, пaлyaндық жəнe тaрихи оқиғалар түрлi пiшiндeрдe cyрeттeледі.
Бастапқы өлеңдер жиынтығы «Құдайнама» деп аталған, кейіннен «Шаһнама» деген атау берілді. «Патшалар кітабы» Фирдаусидің әйгілі эпикалық өлеңдер жинағы парсы тілінде жазылған.
«Әбу Мансуридің Шаһнамасы» деп аталатын бастапқы кітап Әбу Мансур Тусидің бұйрығымен және қолдауымен құрастырылған.
Фирдaycи хaлық aрacындa ayызшa тaрaлғaн көнe ирaндық aңыздaрды жинaқтап, өлeңгe aйнaлдырды. Фирдaycи қиыншылықтарға қарамастан «Шаһнама» еңбегін 1009 жылы aяқтaйды.
Фирдауси жырлаған «Шаһнама» дастаны Иран мәдени байлығының ең үлкен мұрасы.
Бұл ретте Исһахандағы Шаһнаманы зерттеуші ғалым Мозафар Ахмади: «Фирдауси исламға дейінгі Иранның ойларын, білімі мен болмысын Шаһнамаға жинап, оны исламнан кейінгі Иранмен байланыстырды»,-дейді.
Сондай-ақ Мозафар Ахмади: «Иранның көне тарихи дереккөздерінен алынған Шаһнама мәдени мұраның болмысын түсінікті тілге айналдырды. Егер де, осы үлкен туынды болмаса, Иран мәдениетінің маңызды элементтері тарихи оқиғалардың қойнауында қалып қалар ма еді. Фирдауси Шаһнаманы жазуда әркім түсінетін тілді таңдады. Бүгінде әрбір ирандық, жас та кәрі де Шаһнаманы оқи алады. Фирдауси Шаһнамада екі түрлі әлем арасында байланыс орнатты», деп атап өтті.
Шаһнаманы зерттеуші ғалымның айтуы бойынша, оқырмандар ежелгі Ирандық дереккөздердің 80 пайызын Шаһнама арқылы оңай қол жеткізулеріне болады.
Фирдаусидің «Шаһнама» туындысы 60 мың бәйіттен тұрады. Бұл туынды- ақынның отыз жылдық еңбегінің нәтижесі.
Шаһнаманың тақырыбы- Иранның араб шапқыншылығына дейінгі аңыздары мен тарихын, оның ішінде төрт кезеңді, атап айтқанда Пишдадиан, Киани, Ашканидтер және Сасанидтер кезеңдерін қамтиды.
Парсы мәдениеті мен әдебиетінің бұл ұлы туындысын aңыздық, пaлyaндық жəнe тaрихи оқиғаларды түрлi пiшiндeрдe cyрeттeген Иранның ұлттық болмысының құжаты деуге болады.












