Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Кабулмен ынтымақтастықты жандандыру үшін Ауғанстан-ШЫҰ байланыс тобын құруды ұсынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Сергей Шойгу бұл туралы “Ресей газетінде” жарияланған мақаласында жазды.
Шойгу мақаласында аймақтағы көптеген мемлекеттің Кабулмен жұмысты күшейтіп жатқанына тоқталып: “Бұл әрекет қазіргі шындықтың көрінісі болып табылады. Ресей мен Ауғанстанның көршілес елдері терроризмнен, соғыстан және есірткіден азат, тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет ретінде оны қалпына келтіру мен тұрақты дамытудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге ие. Осы тұрғыда, мәселен, тиісті Байланыс тобының жұмысын бастаудан бастап, Ауғанстанның ШЫҰ-мен қарым-қатынасын қалпына келтіру туралы ойланатын кез келді. Оның үстіне Ұйымға мүше мемлекеттердің көпшілігі мұндай қатынасты қолдайды”, — деді.
Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ресей сонымен қатар 2025 жылдың 3 шілдесінде әлемде Талибанның биліктегі басшылығын ресми мойындаған алғашқы мемлекет болғанын еске салып, бұл шешімді елдерінің сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы, аймақтық қауіпсіздікті нығайту саласындағы, соның ішінде терроризммен және есірткі бизнесімен күрестегі ынтымақтастығын арттыруға бағытталған деп атады.














