Швеция астанасы Стокгольмде сенбі күні Палестинаны қолдауға арналған шеру өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, шеруге жүзден астам адам қатысты.
Израильдің Газа секторындағы геноцид қылмыстары мен секторды басып алу саясатына қарсы наразылық білдірген шерушілер Швеция Сыртқы істер министрлігінің алдына жиналып, “Израиль Палестинадан кет!”, “Геноцидті тоқтатыңдар!” және “Палестинаға бостандық!” деп ұрандатты.
Мұның алдында Палестина-Бельгия қауымдастығының ұйымдастыруымен Брюссельде Палестинаны қолдауға арналған жалпыеуропалық шеру өтті. Шеруге 110 мыңнан аса адам қатысып, оар Еуропа Одағы басшыларынан Газадағы атысты тоқтатып, Израильге қарсы экономикалық, дипломатиялық санкция салуды талап етті.
Палестинаның Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің сенбі күнгі мәліметінше, “Әл-Ақса дауылы” операциясы басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газада қаза тапқандар саны 64 803-ке жетті.
Айта кетейік, Швеция — Палестинаны мемлекет ретінде таныған Еуропадағы бірінші ел.




















