Әзірбайжанның Шуша қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде ұйымға мүше елдердің басшылары кездеседі.
Еуразия Тудейдің Түркі мемлекеттері ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті шілденің 5-6 күндері өтеді.
Іс-шараға Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және бақылаушы елдердің басшылары мен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев қатысады.
Алдағы отырыстың басты тақырыбы «Көлік желісі және климаттың өзгеруімен күресу арқылы тұрақты болашақ құру» болмақ. Шараға қатысушы елдердің басшылары өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты маңызды мәселелерді, сондай-ақ, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды талқылайды.
Саммит бағдарламасы осы негізгі мәселелер бойынша пікір алмасуды, Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды талқылауды қамтиды. Сонымен қатар, аймақтың экономикалық өсуі мен интеграциясында шешуші рөл атқаратын экологиялық тұрақтылық және көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне басты назар аударылатын болады.
Саммит аясында ұйымға мүше елдердің басшылары нақты мәселелерді талқылауға және екіжақты байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін екіжақты кездесулер өткізеді.
Саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясына және басқа да бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.



















