Шығыс қазақстан мен Абай облыстарында жер сілкінісі болды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 2025 жылғы 23 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 15:37-де Өскеменге жақын маңда болған жер сілкінісі Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында сезілді.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Өскеменнен оңтүстікке қарай 84 шақырым жерде болған жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 баллды көрсетті.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңі басталды. Ол 23-24 шілде аралығында еліміздің сейсмикалық қауіпті аймақтарында өтуде.












