Сирия соғыс салдарынан әлемнің әр жеріне бассауғалаған өзінің босқын азаматтарын қабылдауға әзір емес.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бүгінде Сириядағы орталық үкіметтің құлауымен осы елдің босқындары үшін жағдай қиындап кетті.
Еуропалық және Таяу Шығыстағы елдер Сириядағы орталық үкіметтің құлауымен бір мезгілде сириялық босқындарды елге қайтаруға талпыныс жасап жатқанымен дәлелдер бұл елдің босқындар легінің оралуына дайын емес екендігін көрсетіп отыр.
Сирияда 2011 жылы соғыс басталғанда елде 21 000 000 азамат болған. Жүздеген мың соғыс құрбандарын қоспағанда осы елде 13 000 000 адам босқынға айналды.
БҰҰ-ның 2024 жылғы санағы осы елдің ішінде қазірдің өзінде 7 миллион 400 мың адам босқынның бар екенін, соның ішінде 4 миллион 900 мың сириялықтың көршілес елдерге, көпшілігі Түркияға бассауғалағанын көрсетті.
Еуропалық елдер де сириялық 1 300 000-нан астам босқынды паналатты. Германия Ангела Меркель Канцлер болған тұста сириялық босқындардың көпшілігін қабылдады.
БҰҰ-ның есебіне сәйкес, төмендегі елдер сириялық ең көп босқынды қабылдады:
Түркия: 3 миллион 112 мың адам
Ливан: 774 мың адам
Германия: 716 мың адам
Ирак: 286 мың адам
Мысыр: 156 мың адам
Австрия: 97 мың адам
Швеция: 86 мың адам
Нидерланды: 65 мың адам
Грекия: 50 мың адам












