Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Сирия Сауд Арабиясына көмектесуі мүмкін

  • Батыс Азия, Сарапшы пікірі, Саясат
  • 10 октября, 2026 13:53

Loading

Сирия Сауд Арабиясына хуситтерге қарсы күресте әскери көмек көрсетуге келіссе, оның басты мақсаты қаржылық қолдау алу және ел ішіндегі тұрақсыздықты азайту болуы мүмкін.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей Ғылым академиясы Әлеуметтік ғылымдар жөніндегі ғылыми ақпарат институтының Таяу Шығыс және посткеңестік кеңістік бөлімінің ғылыми қызметкері, саясаттанушы Данила Крылов «Известия» басылымына берген сұхбатында айтты.

Сарапшының айтуы бойынша, Сирияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделі, сондықтан елге қосымша қаражат қажет. Сарапшы: «Сирияның ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрделі, ақша қажет екені түсінікті. Өзге елдегі, оның үстіне Сириядан өте алыс жерде жүріп соғысқа араласудың жалғыз негізі қаржылық мәселе болуы мүмкін», — деді.

Тақырыпқа орай:

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Крылов Сирияның Йемендегі әскери операцияларға қатысатыны әзірге нақты белгісіз екенін айтады. Бастапқыда Дамаск өз ішіндегі мәселелерге басымдық беретінін мәлімдеген. Алайда кейінірек Axios басылымы Сирияның белгілі бір келісімге келгені және Йеменге үкіметтік әскер емес, қарулы топтардың бір бөлігі жіберілуі мүмкін екені туралы ақпарат таратты.

Сарапшының пікірінше, Сирия бұл арқылы екі мәселені шешуге тырысуы мүмкін. Біріншіден, елге қаржы тарту. Екіншіден, үкіметке қауіп төндіруі ықтимал тұрақсыздық тудыратын қарулы элементтерді ел аумағынан шығару. Осылайша, Сирия билігі ішкі қарулы көтерілістер мен бүлік шығу қаупін де азайта алады.

Reuters агенттігінің америкалық ресми тұлға мен Сирияның жоғары лауазымды әскери өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, қазіргі таңда Дамаск Сауд Арабиясына әскери қолдау көрсету нұсқаларын қарастырып жатыр. Олардың қатарында корольдікті қорғауға бағытталған көмек те, шабуыл сипатындағы әскери күштерді орналастыру да бар.

Америкалық ресми тұлғаның айтуынша, Сауд Арабиясы Сириядан хуситтерге қарсы күресу үшін әскер жіберуді сұраған. Алайда кейін Сирия президентінің медиа-коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Ахмад Зейдан бұл ақпаратты теріске шығарды.

Сирия Сыртқы істер министрлігі Дамаскінің хуситтердің шабуылдарына қарсы Сауд Арабиясын қолдайтынын мәлімдегенімен, үкіметтің басты назары азаматтық соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына және басқа да ішкі міндеттерге аударылғанын атап айтты.

Министрліктің мәлімдемесінде Сауд Арабиясы әскери ынтымақтастық немесе тәжірибе алмасу жөнінде өтініш білдірсе, мұндай байланыс тек ресми арналар арқылы және екі ел арасындағы келісімдер аясында жүзеге асырылатыны айтылған.

Бұған дейін, 6 қазанда, Сирия президенті Ахмед аш-Шара Сауд Арабиясына ресми сапармен барып, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен кездескен. Reuters дереккөзінің мәліметінше, тараптар сол кездесуде Дамаскінің Эр-Риядқа әскери көмек көрсету мүмкіндігін де талқылаған.

Қазіргі таңда Сауд Арабиясы хуситтерге қарсы күресте АҚШ-тан бастап Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне дейінгі бірқатар мемлекеттен қолдау іздеп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Сирияның Йемендегі қақтығысқа араласуы бірқатар саяси және қауіпсіздік тәуекелін туындатуы мүмкін. Атап айтқанда, Сирия армиясының хуситтерге қарсы соғысуы ел ішіндегі діни қайшылықтарды күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар Дамаскінің бұл қадамынан Иран мен оның одақтастары өздеріне қарсы бағытталған әрекетті көруі ықтимал.

Сирия президенті Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Эр-Рияд бұған дейін Сирияға қаржылай қолдау көрсеткен. АҚШ-тың аты-жөні аталмаған дереккөзінің пікірінше, Дамаскінің Сауд Арабиясын қолдауы болашақта қаржылық көмектің ұлғаюына ықпал етуі мүмкін.

Сарапшы Крылов Сауд Арабиясының хуситтерге қарсы соғыстағы жағдайын тығырыққа тірелген ахуалға ұқсатып: «Сауд Арабиясы хуситтерді жеңеміз деп үміттенбеуі керек. Олар 2015 жылдан бері соғысып келеді. Он жылдан астам уақыт өтті, бірақ нәтиже жоқ», — деді.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Данила КрыловқақтығысСауд АрабиясыСирияХуситтер
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
Бейжің, Мәскеу және Дамаск Израильден Оңтүстік Сириядан дереу әскер шығаруын талап етті

Бейжің, Мәскеу және Дамаск Израильден Оңтүстік Сириядан дереу әскер шығаруын талап етті

18.11.2026
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы ел үкіметінің 600 тұтқынын босатты

Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы ел үкіметінің 600 тұтқынын босатты

16.11.2026
Хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Хуситтер Сауд Арабиясының стратегиялық нысандарына шабуыл жасағанын мәлімдеді

14.11.2026
Йемендік “Ражум” дроны: Сауд Арабиясы қолдайтын күштерге қарсы қолданылған  жаңа қару

Йемендік “Ражум” дроны: Сауд Арабиясы қолдайтын күштерге қарсы қолданылған жаңа қару

29.10.2026
Сирия Иорданияның әуе соққыларына байланысты наразылық нотасын тапсырды

Сирия Иорданияның әуе соққыларына байланысты наразылық нотасын тапсырды

29.10.2026
Сауд Арабиясы мұнай қорын Сингапурдың жерасты қоймаларында сақтауды жоспарлап отыр

Сауд Арабиясы мұнай қорын Сингапурдың жерасты қоймаларында сақтауды жоспарлап отыр

27.10.2026
Иран СІМ басқыншылық соғысты бұрмаламауға шақырды

Иран СІМ басқыншылық соғысты бұрмаламауға шақырды

24.10.2026
Хуситтер Эр-Риядтағы Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына соққы жасады

Хуситтер Эр-Риядтағы Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына соққы жасады

23.10.2026

Басты жаңалықтар

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.