Сирияның Хараб әл-Джир аймағындағы АҚШ әскери базасына зымыранмен шабуыл жасалды.
Еуразия Тудейдің Ливанның Al-Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме бермеді.
Сондай-ақ, бұл шабуыл үшін ешкім жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Al-Mayadeen телеарнасының мәліметінше, Конико базасындағы америкалық қарулы күштер Дейр-эз-Зор маңындағы Хувайджа Сакр және әл-Джафра ауылдарына артиллериялық шабуыл жасаған.
Сирия Үкіметі Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысындағы қарулы топтар мен АҚШ қарулы күштерінің басты мақсаты мұнайды тонау екенін, бұл олардың осы аyмақта заңсыз болуын тоқтататынын бірнеше рет баса айтты.
2017 жылы АҚШ-тың Сириядағы құралы болған ДАИШ лаңкестік тобы құлағаннан кейін америкалық қарулы күштер осы топты тікелей алмастырды. Сол кезден бері олар Сирия мұнайын өндіруді және ұрлауды бастап, елдің бейбіт тұрғындарын қыруды жалғастырды.

















