Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Ислам елдерін қарсыласу майданын қолдауға шақырды.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мохаммад Бақер Қалибаф басқыншының аймақта барлық күштерін жұмылдырғанын және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік жоқ екенін баса айтты.
Бұл туралы Мохаммад Бақер Қалибаф парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының отырысы аясында бірқатар шетелдік өкілдіктердің дипломаттарымен кездесуінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, ислам елдері сионистік басқыншылыққа қарсы тұру мақсатында қарсыласу майданын қолдау үшін бірігуі қажет.
Қалибаф кездесуде бүгінде әлемнің барлық азаттық сүйгіш халықтардың сионистік режимге қарсы үндеу жасағанын айтып: «Мұндай жағдайда ислам елдері оқиғаларды мұқият талдап, не болып жатқанын дұрыс түсінуге көмектесуі керек.
Бұл режим Газа секторындағы мақсаттарына жете алмағаннан кейін қарсыласу жетекшілерін өлтіре бастағанымен бұл күрестің жалғасуына кедергі болмайды. Себебі, алаңға басқа басшылар келеді.
Хасан Насролланың қазасынан кейін қарсыласу майданының сионистік режимге қарсы ауыр соққы бергеніне бәріміз куә болдық. Тіпті, сионистік режимге қарсы күресті жалғастырған Яхия Синвардың қазасы да күрестің жалғасуының символына айналды. Өйткені ХАМАС тірі және тірі болып қала береді»,-деді.



















