Иранның Сохейли танымал туристік орны Парсы шығанағының бойындағы бай мәдени мұрасымен танымал Қешм аралында орналасқан.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Қешм аралының әртүрлі көрікті жерінің арасында Сохейли жаңа теңіз өнімдерінен дайындалған тағамдарымен танымал.
Жағалаудағы осы ауыл туристерге теңдесі жоқ, дәмді әрі ерекше теңіз тағамдарын ұсынады. Бұл тағамдар оңтүстік ирандық аспаздық дәстүрдің байлығын көрсетіп қана қоймай, әлемнің жер-жерінен талғампаздарды тартып отыр.
Сохейли туристік ауылы ұсынған теңіз тағамдарының теңдесі жоқ дәмінің сыры -өнімдерінің жоғары сапасы мен балғындығында. Жергілікті балықшылар күн сайын таңертең қайықпен теңізге шығып, ең жақсы балықтарды жергілікті мейрамханаларға күнделікті жеткізеді.
Сохейли ауылындағы мейрамханалар мәзірінен оңтүстік ирандық теңіз тағамдарының алуан түрін көруге болады. Мейрамханалар арнайы дәмдеуіштер қосып дайындалған “Калие мейгу” (шаян бұқтырмасы), “Маһи полу” (балық қосылған палау) және “Харисе” (балық ботқасы) сияқты жергілікті тағамдарды дайындайды.
Қешм аралығындағы Сохейли ауылы 2025 жылғы әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың тізіміне енген.












