Ауғанстан теміржол басқармасының бас директоры Бахт Рахман Шарафат бастаған делегация «Түркімендемиреллары» (Түркіменстан темір жолдары) агенттігінің басшысы Азат Атамырадовпен кездесті.
Ауғанстан теміржол басқармасының (Afghanistan Railway Authority) баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар теміржол көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты талқылады.
Түркіменстан еліне ынтымақтастығы үшін алғыс білдірген Бахт Рахман Шарафат Ауғанстан мен Түркіменстан арасындағы теміржол тасымалының ұлғаюы екі елге де тиімді екендігіне тоқталып, Тургунди және Акинада қызмет көрсетуді жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында темір жол ведомстволарының өкілдері темір жол көлігі жөніндегі Түркіменстан мен Ауғанстан комитетін құру туралы шешім қабылдады. Комитет екі ел арасындағы үйлестіруді одан әрі нығайту үшін құрылады және ай сайын кездеседі.
Сондай-ақ, шара барысында Түркіменстан делегациясы Ауғанстанға барып, осы елдің техникалық тобымен бірге Андхой-Шибирган және Тургунди-Герат трассаларын аралайды деп шешілді.
Сонымен қатар, Түркіменстан тарапы теміржол көлігі саласында оқитын ауған студенттерін қабылдауға дайын екендігін білдірді.












