Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Екі елдің ғалымдары бас қосқан шарада сауда-экономикалық ынтымақтастық, уран өнеркәсібі қалдықтарын өңдеу сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекетаралық нормаларын әзірлеу және биологиялық қауіпсіздік туралы сөз болды. Трансшекаралық су проблемасы да назардан тыс қалмады.
Мәдениет күндері аясында, 26 тамызда сағат 10:00-де Алматы қаласының Абай алаңында 28 тамызға дейін жалғасатын Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін ашу жоспарланған.
Сонымен қатар, 29 тамызда сағат 15:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында көркем фильм көрсетілімі және 18:00-де Тәжікстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті өтеді.
2023 жылғы 23-29 тамыз аралығында Қазақстан Республикасында Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндері өтеді.


















