Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 24 түрлі өнім мен материалдардан тұратын 8 қыркүйек күні таңертең Тәжікстаннан Ауғанстанға жіберілген гуманитарлық көмектің салмағы 3 мың тоннадан артық.
Автокөліктер керуеніне тиелген көмек ұн, май, қант, күріш сияқты азық-түлік өнімдері мен төсек-орын, балалар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған киім-кешек пен аяқ киім, шатырлар, құрылыс материалдары, арматура, тақтайшалар, шифер, цемент және басқа да тауарлар мен бұйымдарды қамтыды.
Тәжікстан Президенті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл қадам Тәжікстан халқының бауырлас Ауғанстан халқына деген жанашырлығының айқын көрінісі болып табылады және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның адамгершілік және тату көршілік саясатын айғақтайды.
Еске салайық, 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болып, бір жарым мыңнан астам қаза болып, көптеген адам із-түзсіз жоғалып, жарақат алды. Зілзала болған аудандарға материалдық үлкен шығын келді.














