Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Израильдің Иран Ислам Республикасына жасаған әскери соққысын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Тәжікстан Республикасы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатты алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қатынастдың жалпыға бірдей танылған нормаларын елемей, Израильдің Иран Ислам Республикасының аумағында көптеген адамның қаза табуына соқтырған әскери соққысын қатаң айыптады.
Осыған байланысты Тәжікстан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, бүкіл бауырлас Иран халқына шын жүректен көңіл айтып, келіссөздер мен диалогты аймақтағы барлық қақтығыс пен дағдарыстарды шешудің бірден-бір қолайлы жолы деп санайтынын тағы баса айтты.
Мәлімдемеде: “Осы тұрғыдан біз барлық тарапты апатты салдарға әкеп соқтыруы мүмкін әскери әрекеттерден бас тартуға және БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттары мен халықаралық құқықтың басқа да нормаларын сақтай отырып, дағдарысты бейбіт жолмен шешу үшін шұғыл шара қабылдауға шақырамыз” деп жазды.














