Такер Карлсон гәпті Американың авиатасығыш кемелерінің санында емес, Иранның Ормұз бұғазын жауып тастау қауқарлығында деп санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша Fox News-тің америкалық бұрынғы танымал тележүргізушісі және Трамптың бұрынғы жақтасы BBC-ге берген сұхбатында былай деді: «Иранмен арадағы қақтығыс Ислам Республикасын әлсіретудің орнына оны нығайтып, оның әлемдік экономиканың басты күретамырларының біріне қауіп төндіру әлеуетін арттырды».
Оның айтуынша, Трамптың «бұл шабуылдан кейін әлем қауіпсіз бола түсті» деген мәлімдемесі негізсіз. Мәселе Американың авиатасығыш кемелерінің санында емес, Иранның Ормұз бұғазын жауып тастау мүмкіндігінде болып тұр.
Ол: «Ең маңыздысы, Ормұз бұғазын бұғаттау Иранның қолынан келді. Ал Трамп Израиль мен Нетаньяхудың ықпалында қалып, солардың талаптарын орындап отыр», — деді.












