Ташкентте «Иранда жасалған» және «Иран кілемдері мен қолөнері» атты көрмелер өтті.
Иран революциясы жеңісінің 46 жыл толуына орай Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Иран қолөнері мен ұлттық өнімдерінің жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде Иранда жасалған медициналық, фармацевтикалық құрал-жабдықтар мен полимер бұйымдары, құрылыс материалдары, теңіз өнімдері, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдері мен басқа да өнімдер жұрт назарына ұсынылды.
Сонымен қатар қолдан тоқылған ирандық кілемдер мен текеметтер, картиналар мен каллиграфия, миниатюра сияқты ирандық қолөнершілердің басқа да қолөнер бұйымдарынан тұратын бай, асыл өнер мен мәдениеттің үлгілері қойылған көрме өтті.
Иранның өнеркәсібі, мәдениеті мен өнері үйлесім тапқан бұл көрмелер елдің орасан зор мүмкіндігінің жарқын көрінісіне айналып, қонақтардың үлкен ықыласына бөленді.












