Беларусь Батыстың Минск пен Тегеранға қарсы салған заңсыз шектеу шараларын экономикалық лаңкестік деп санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко ирандық әріптесі Масуд Пезешкианмен кездесуінде мәлімдеді.
Александр Лукашенко кездесуде: “Біз көпполярлы әлем құруға ұмтыламыз. Онда әрбір ел шетелдік араласусыз өзінің даму жолын дербес анықтайды. Беларусь Батыс елдерінің Минск пен Тегеранға қарсы салған заңсыз шектеу шараларын экономикалық лаңкестік санайды. Минск осы басқыншы санкциялық соғысты табыспен еңсереді”, — деді.
Александр Лукашенко бүгінде халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, әділ және сындарлы күн тәртібін қалыптастырып отырған Беларусь пен Иранның БҰҰ, ШЫҰ, БРИКС және басқа да құрылымдар аясындағы белсенді қадамдары экономикалық санкцияларға қарсы тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететінін баса айтты.
Александр Лукашенко Беларусь Иранның Еуразиялық экономикалық одақтың сауда-экономикалық үдерістеріне қатысуын құптайтынын қуаттады.
















