Сионистік режим БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігімен (UNRWA) ресми түрде қарым-қатынасын үзгенін жариялады.
Еуразия Тудейдің Израильдің 12 телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Тель-Авив БҰҰ-на ресми түрде UNRWA-мен қарым-қатынасын үзгенін мәлімдеді.
Израильдің БҰҰ жанындаға тұрақты өкілі Гилад Эрдан: «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымына осы агенттікпен қарым-қатынасымызды үзетініміз туралы хабарладық»,-деді.
Эрдан Тель-Авивтің лаңкесті қолдайтын ұйымдармен емес, гуманитарлық ұйымдармен ынтымақтастығын жалғастыратынын айтты.
Бұған дейін БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы бөлімінің директоры Мартин Фрик Германия БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Газа секторында UNRWA-ның орнын басатын басқа гуманитарлық ұйымның жоқ екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, Израиль парламенті Кнессет қазанның 28 күні UNRWA-ның Израильдегі қызметін тоқтату туралы жаңа заң жобасын мақұлдады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израиль парламенті Кнессет мақұлдаған бұл заңның қабылданбайтынын баса айтты.












