Ашық дереккөздерді барлау (Open Source INTelligence) мәліметтері Иранның оңтүстігінде орналасқан АҚШ-тың теңіз қоршау сызығының шегінгенін хабарлайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ-тың теңіз қоршау сызығы бұзылып, алғашқы орнынан артқа шегінді».
Бұл — Molo Monitor деп аталатын Open Source INTelligence аккаунтының мәлімдемесі.
Molo Monitor хабарлауынша, соңғы 26 күннен бері Sentinel-2 спутниктік суреттерінен Иранның теңіз қоршау сызығында орналасқан USS George H.W. Bush, USS George Washington, USS Boxer әуе кемелерін тасымалдаушы кемелері мен Arleigh Burke класындағы эсминецтердің ешқайсысы көрінбейді.
Осы ақпаратқа сәйкес, АҚШ Иранның кемеге қарсы зымырандарының соққы жасау радиусынан шығу үшін шегінуге және осылайша бұдан бір ай бұрын Оман шығанағының шығаберісінде орналасқан теңіз қоршауы сызығын өзгертуге шешім қабылдаған.
Шамамен 26 күн бұрын, қыркүйек айының басында Иран Әскери-теңіз күштері алғаш рет бұкіл Арабия теңізі оның соққы жасау қашықтығында орналасқан «Қасым Басир» зымыранын сәтті сынақтан өткізді.
Molo Monitor АҚШ-тың соққылаушы кемелер тобын бақылау барысында бұрын Чабахарға жақын жерде орналасқан бұл әскери техниканың енді бұрынғы орнынан жүздеген километр алыста — Арабия теңізінің ортасында орналасқанын және қоршау сызығының артқа шегінгенін растады.














