Америкалық «The Atlantic» басылымы өз материалында: «Аймақтағы үстем держава бұдан былай Америка да, Израиль де емес, Иран болады», — деп жазды.
Америкалық «The Atlantic» басылымы өз материалында Америка мен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейінгі өзгерістерге тоқталып: «Иран жылдар бойы Батыс Азияда өзіне қатты зияны тиген күш теңгерімімен бетпе-бет келді.
Бұл аймақта жауластық ниеттегі алпауыт держава АҚШ пен ядролық қаруға ие, әскери тұрғыдан әлеуетті Израиль үстемдік етті. Сонымен қатар, стратегиялық әрі экономикалық тұрғыдан Америкамен бағыттас Мысыр, Сауд Арабиясы және БАӘ сияқты аймақтың маңызды ойыншылары ықпал жүргізді.
Бүгінде Иран толығымен өзгеше жағдайда тұр. Бұл мемлекет алпауыт елмен және Израильмен тікелей қақтығысып, олардың ең озық қару-жарақтарының ауыр соққыларына төтеп берді. Төтеп беріп қана қоймай, олардан бетер қарсылық көрсетті.
Нәтижесінде Иран Батыс Азия мен Парсы шығанағындағы күш құрылымын түбегейлі өзгертті. Аймақтағы үстем держава бұдан былай Америка да, Израиль де емес, Иран болады. Көршілес елдер қазіргі таңда өз әрекеттерін осы жаңа шындыққа сәйкестендіріп жатыр. Алыс мемлекеттер де солай істеуде. Иран АҚШ-пен келісімді қажет етпейді. «Әлсіз, кедей Иран соңында Америка күшіне бас иіп, Ормұз бұғазын ашады және қатты нұқсан келген экономикасын қалпына келтіруге кіріседі» деген кең тараған пікір шындыққа жанаспайды. Иран Ислам Республикасы соңғы екі жылмен салыстырғанда әлсіз немесе зардап шеккендей көрінбейді», — деп жазды.















