Венада өтетін Евровидение ән байқауына Израильдің қатысуына еуропалық төрт ел қарсылық білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша 4 желтоқсанда Женевада Израильдің тағдырын анықтау үшін дауыс беру өтті. Бірнеше ел Газа секторындағы соғысқа байланысты Израильді қатысу құқығынан айыруды талап етті. Алайда, Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) даулы шешімінде Израильдің Евровидение-2026 ән байқауына қатысуына келісім берді.
Одақтың Израильдің қатысатыны туралы шешімі қатаң және бұрын-соңды болмаған наразылық тудырып, еуропалық төрт ел — Испания, Ирландия, Нидерланды және Словениядағы қоғамдық хабар тарату ұйымдары Венада өтетін Евровидениенің 70 жылдық мерейтойына қатысудан бас тартатындарын мәлімдеді.
Бойкот жариялаған елдер өз шешімдерінің себебі ретінде Израильдің Газадағы соғысы мен соның салдарынан туындаған гуманитарлық ауыр дағдарысты атады. Бұл желілер бейбіт тұрғындардың жаппай құрбан болуына байланысты Израиль қатысатын іс-шараға қатысуды қабылдауға келмейтін және адами құндылықтарға қайшы деп атады.
Айта кетейік, «Евровидение» — Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдер арасында жыл сайын өткізілетін халықаралық ән байқауы.















