Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді.
Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.
Айта кетейік, Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдулла II ибн әл-Хусейн мұның алдында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 25 тамызда осы елге мемлекеттік сапармен барды.












