Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасын Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді.
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.














