АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні кешке Сирия президентін билікке әкелудегі өз рөлін мойындады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні кешке сөйлеген сөзінде Сириядағы әл-Қаида ұйымының бұрынғы жетекшілерінің бірі Ахмед аш-Шарааны (Мохаммад әл-Джулани) өзі билікке қойғанын мойындады.
Дональд Трамп: “Мен өзім тағайындаған Сирия президентінің керемет жұмыс атқарып жатқанын айтуым керек”,-деді.
Сирияның қазіргі президенті Ахмед аш-Шараа Башар Асадтан билікті басып алғанға дейін “Хайят Тахрир аш-Шам” тобының қолбасшысы болған.
“Хайят Тахрир аш-Шам” ұйымы бұрын “Джабхат ан-Нусра” ретінде белгілі болған. Ұйым 2016 жылға дейін Сириядағы әл-Қаиданың тармағы саналды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап топ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әл-Қаида мен ДАИШ-қа қарсы санкциялар тізіміне енді.
Мұның алдында Associated Press ақпарат агенттігі Дональд Трамп әкімшілігінің Конгреске Дамаскідегі АҚШ елшілігін қайта ашу ниеті туралы хабарлағанын мәлімдеді.

















