АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың БРИКС елдеріне қарсы қоқан-лоққылары БРИКС елдері арасында жік салуы мүмкін күрестің тиімсіз әдісі болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің халықаралық бизнес және кеден ісі кафедрасының доценті Анастасия Прикладова IRNA агенттігіне берген сұхбатта мәлімдеді.
«Қоқан-лоққы тиімсіз күрес тәсілі болып табылады. Трамп, бәлкім, жік салу үшін БРИКС мемлекеттерінің реакциясы мен қауымдастықтың әлсіз жақтарын бағалау арқылы негізді бақылауы мүмкін, яғни, стратегия дайындау үшін әзірше жағдайды бақылап отыр.
Бір қарағанда, Трамп Қытайға және БРИКСтің басқа елдеріне қоқан лоққы жасау арқылы АҚШ-тың долларға негізделген жаһандық көшбасшылығын сақтауға тырысып жатқандай көрінеді.
Ресейлік активтерге тыйым салу және төлемдерді бұғаттау сияқты прецеденттер долларға деген сенімді азайтатындықтан америкалық экономиканы әлсіретеді»,- деді.
Трамп 30 қарашада БРИКС елдері жаңа валюта жасаса немесе доллардан бас тартса, тауарларына 100 пайыз сауда баж салығын енгізетінін мәлімдеді.












