АҚШ Президенті Дональд Трамп Американың Иранмен соғысты тоқтатқаны туралы уәж айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Трамп кеше, бейсенбі күні кешке губернаторлыққа үміткер Джорджия губернаторы Бретт Джонсты қолдап сөйлеген сөзінде: «Естідіңіздер ме, білмеймін, бірақ біз бүгін Иранмен соғысты тоқтаттық», — деді.
Америка Президенті Трамп жаңа уәжінде: “Біз бүгін Иранмен соғысты тоқтаттық. Олар ешқашан ядролық қаруға ие болмауға келісті. Бұл біз соны қуаттап жүрген жайт. Біздің түпкілікті мақсатымыз осы болған. Бұл тақырып біздің мақсатымыздың 95 пайызын құраған. Олар бұл істі ең мықты түрде жүзеге асырды”, — деді.
АҚШ президенті сонымен қатар Алабама штатындағы Сенаттың екінші кезеңіндегі сайлауда өзінің серіктесі Барри Мурды қолдау үшін өткен телекөпірде Иран туралы да айтып, АҚШ заң шығарушылары Иранмен «тамаша келісімге» келгенін айтты.
«Біз бүгін Иранмен келісімге келдік. Адамдар жақын арада үйлеріне орала бастайды. Біз қалағанның бәрін алдық», — деп мәлімдеді Трамп.
Иран Ислам Республикасының келісімгер тобына жақын бір хабардар тұлға “Фарс” ақпарат агенттігіне Америкамен бастапқы келісім үшін ешбір мәтіннің расталмағанын мәлімдеді. Бұл сөз Трамп өзінің әлеуметтік желісінде “Иран бастапқы келісімнің мәтінін ең жоғары деңгейде растады” деп жазғаннан кейін айтылды.
Айта кетейік, Трамп Иран мен Америка арасында кеше, бейсенбі күні таңертең атысты тоқтату бітімінен кейінгі ең қатты қақтығыс болғаннан кейін осылай деді.
The Economist басылымының танымал журналисті және талдаушысы Грег Карлстром да Трамптың үнемі қарама-қайшы жаңалықтарына деген сенімсіздікке назар аударып, былай деп жазды: «Американың беделі президент дипломатиялық келісімге қол жеткізілгенін жариялай алатындай деңгейге дейін төмендеді».
CNN жүргізушісі жаңалықтар бағдарламасында Трамптың Иранмен келісімге қол жеткізу жақын екенін осымен 39 рет айтқанын хабарлады.
Шын мәнінде Трамптың былай айтуы мен осындай сөз саптау үлгісінің астында қандай жасырын астар бар?
Біріншіден, майдан даласындағы жеңілісті мойындауы. “Жақын арада келісім жасалады” деген мәлімдеменің тасасындағы шындық — АҚШ-тың әскери тығырыққа тірелгендігінде. Сондықтан олар өз мақсаттарына жетудің басқа жолын іздеуде.
Екіншіден, Трампқа қоғамдық пікірді басқарып, қайталанған соғыстың шығындарын жасыру үшін қажет.
Мұндай мәлімдемелерді мұнай бағасы жарияланатын сәттер сияқты өте сезімтал кезеңдерде қайталау — әбден қалыптасқан үдеріс. Мұндағы басты мақсат — қоғамның үмітін басқару. Бұл тактика соғыстың адами және қаржылық ауыр шығындарын «келісім жасалады» деген уәделердің тасасын жасыруға арналған.
Үшіншіден, нарықпен ойнау
Трамп келісімге аз қалғанын айтқан сайын қаржы және энергетика нарықтарында өзгеріс пайда болады. Иранда доллар мен алтын тиын бағасының арзандауы, әлемдік нарықта мұнай бағасының түсуі және экономика саласындағы белсенділер арасында күту режимінің орнауы — осы психологиялық операцияның нәтижелері.
Төртіншіден, тежеу қабілетінің дәрменсіздігі
Трамп Иранды сескендіру саясатында жеңіліске ұшырады. Айларға созылған қоқан-лоққы, санкциялар мен операциялардан кейін де Иран кейін шегінген жоқ, керісінше Ормұз бұғазындағы жедел бақылауы мен зымыран әлеуетін сақтап қалды. Мұндай жағдайда келісім жасау — АҚШ-тың өзі жасаған батпақтан абыроймен шығуы үшін қарманатын жалғыз құралы.
Трамп бұл мәлімдемені қайталау арқылы қоғам санасында жаңа бір «шындық» қалыптастыруға тырысуда. Сол шындық бойынша, АҚШ мықты позициядан келіссөз жүргізіп жатса, Иран келісімге құштар-мыс. Алайда, бұл ойында кім қаттырақ айғайласа, әдетте сол жеңілген саналады.















